ДАИШ-тің Соғыс министрі деп аталған Шишани өлтірілді

Шишанидің Ирактың Мосул қаласы төңірегіндегі қақтығыстарда өлтірілгені алға тартылды.

528900
ДАИШ-тің Соғыс министрі деп аталған Шишани өлтірілді

ДАИШ террор ұйымының маңызды қолбасшыларының бірі Өмер Шишанидің Ирактың Мосул қаласы төңірегіндегі қақтығыстарда өлтірілгені алға тартылды.

Хабар ұйымға жақындығымен танымал Амак хабар агенттігі тарапынан жарияланды.

Агенттік Шишанидің Мосулда Ирак армиясымен қақтығыс кезінде өлтірілгенін жариялап, егжей-тегжейлі мағлұмат бермеді.

АҚШ Қорғаныс министрлігі Шишанидің Сирияда 4 наурыз күні ұйымдастырылған әуе шабуылында нысанаға алынғанын білдірген болатын.

Грузия азаматы террорист ұйым ішінде «Соғыс министрі» деп аталатын.

АҚШ Қазына министрлігі 2014 жылы Шишаниді «Жаһандық террористтер» тізіміне алып, өзі жайлы ақпарат бергендерге 5 миллион доллар сыйақы төлейтінін уәде еткен болатын.

Басқа жағынан Ирактың Мосул қаласына қоса, Бағдатта жасалған бомбалы шабуылдарда араларында 4 әскер мен 1 журналист бар барлығы 10 адам қаза тапты.



Ұқсас жаңалықтар