АҚШ Қорғаныс министрі Эш Картер Ауғанстанда

Иракта байланыстарын аяқтаған Картер Ауғанстанға өтті.

527731
АҚШ Қорғаныс министрі Эш Картер Ауғанстанда

Ауғанстандағы әскер санын азайтудан бас тартқан АҚШ осы елге қолдаудың жалғасатынын білдірді.

АҚШ Қорғаныс министрі Эш Картер Ирак сапарының артынан Ауғанстанға өтті.

Картер алдымен Кабул маңындағы Баграм әуе базасын аралады.

Артынан ел астанасына өтіп, Ауғанстан әкімшілігі атқару кеңесі төрағасы Абдуллах Абдуллахпен бас қосқан Картердің ауған қауіпсіздік күштерінде реформа жасау ұсынысын күн тәртіпке әкелуі күтіледі.

Ауған қауіпсіздік күштерінің шығындары НАТО елдері тарапынан төленеді. Бір жақтан заңсыздық және жәбірлеу айыптаулары себепті ауған қауіпсіздік күштерінің абыройы да түсіп отыр.

Варшавада өткен апта ұйымдастырылған НАТО саммитінде одақтастардың кеңес беру және жаттықтыру қызметімен тағайындалған 12 мың әскердің 2017 жылы да Ауғанстанда қалуына шешім қабылданған болатын.



Ұқсас жаңалықтар