Меркель Түркиямен ынтымақтастықты бағалады

Ангела Меркель неміс ZDF телеарнасына сұхбат берді.

526875
Меркель Түркиямен ынтымақтастықты бағалады

Германия канцлері Ангела Меркель Түркияның 3 миллион босқынды қабылдауын «шынайы гуманитарлық бір қимыл» деп бағалады.

Ангела Меркель неміс ZDF телеканалына берген сұхбатта Еуроодақтағы босқын дағдарысы жайлы мәлімдемелер жасады.

Түркияның босқын жүгін жеңілдету үшін жәрдем жасау керектігін атап көрсеткен Меркель президент Режеп Тайып Ердоғанның «Эгейде баршаның көз алдында тек қана екі айдың ішінде 400 адамның қаза табуын қаламағаны» жөніндегі сөздеріне де орын берді.

Еуроодаққа заңсыз көштің алдын алу үшін Түркиямен жұмыстанудың маңызына назар аударған Меркель Еуроодақтың заңды түрде босқын қабылдау үшін Түркиямен келіссөздерді жалғастырғанын атап айтты.

Неміс Федералды Мәжілісі мен Түркия арасында өткен ай қабылданған «Армян заң шешімі» тақырыбында көзқарас айырмашылығы бар екеніне назар аударған Ангела Меркель саясатта әр нәрсенің бас қосулармен шешіле алмағанын, байланысты жалғастыру керектігін білдірді.



Ұқсас жаңалықтар