Бөлшектеуші террор ұйымы ПКК-ға үлкен соққы

ПКК террор ұйымының Сириядағы жоғары деңгейдегі басшыларының бірі өлтірілді.

526296
Бөлшектеуші террор ұйымы ПКК-ға үлкен соққы

Ұйымның жоғары деңгейдегі лауазымдыларының бірі Фехман Хүсейин Сирияда өлтірілді.

Сирияда режимге қарсы соғысқан Тель-Хамис бригадасы мәлімдемешісі Халид әл-Хасекави араларында аталмыш террорист бар көліктің жарылғанын мәлімдеді.

«Бахоз Эрдал» лақапты террористтің кеше (жұма) кешкі уақытта Сирияның Химо ауданынан Камышлыға бара жатқанда нысанаға алынғанын атап көрсетті.

Оқиғада террористке қоса, араларында қорғаушылары да бар 8 адамның да қаза тапты.

Хасекави ПКК террор ұйымының Сирия жерінде басқыншы екенін және Асад режиміне маңызды қолдау бергенін білдірді.

1969 жылы Сирияда дүниеге келген террорист Фехман Хүсейин соңғы рет Хаккаридің Дағлыджа ауданында қыркүйек айында көптеген әскер шәйіт болған қанды шабуылды басқарған болатын.



Ұқсас жаңалықтар