Су тасқынында 140 адам қаза тапты

Жаңбыр су тасқынына себеп болды.

525091
Су тасқынында 140 адам қаза тапты

Қытайда осы аптаның басынан бері жауған жаңбыр су тасқынына себеп болып, 140 адам қаза тапты.

Қытай Ұлттық азаматтық істер министрлігі елдің орталық және шығыс жақтарында қатты жауын-шашын салдарынан 41 адамның жоғалып кеткенін мәлімдеді.

Министрлік аймақтан 1 миллион 600 мыңнан астам адамның көшірілгенін,  экономикалық шығынның да 7,18 миллиард долларға жеткенін білдірді.


Этикеттер: #су тасқыны , #Қытай

Ұқсас жаңалықтар