Ирак Қорғаныс министрі Мосул операциясын түсіндірді

Мосулды ДАИШ-тен кері қайтару операциясында қазірге дейін мың 300 террорист өлтірілді.

518352
Ирак Қорғаныс министрі Мосул операциясын түсіндірді

Ирак Қорғаныс министрі Халит эл-Убейди ДАИШ террор ұйымының бақылауындағы Мосул қаласының оңтүстігінде жалғасқан Мосулды кері қайтару операциясы барысында мың 300 террористтің өлтірілгенін атап көрсетті.

Операцияны қадағалау үшін Мосулдың Махмур ауданындағы Нинова Ортақ Операция қолбасшылығын аралаған Убейди осында әскери лауазымдылармен бас қосты.

Бас қосудың артынан баспасөзге мәлімдеме жасаған Убейди қаланы кері қайтару операциясының бірінші сатысының жалғасқанын мәлімдеді.

Мосулдың оңтүстік аймағында маңызды жетістіктерге қол жеткізілгенін атап көрсеткен Убейди ДАИШ террор ұйымын толығымен жою үшін басталған операцияда жеңістің жақын екенін білдірді.



Ұқсас жаңалықтар