Рамадиде ДАИШ террор ұйымы 100 әскерді қоршауға алды

Ирактың батысындағы Анбар уәлаятының орталығы Рамадиде қақтығыстар жалғасуда.

513765
Рамадиде ДАИШ террор ұйымы 100 әскерді қоршауға алды

Ирактың батысындағы Анбар уәлаятының орталығы Рамадиде террор ұйымы ДАИШ 100 әскерді қоршап алды.

Армия көздеріне қарағанда қоршауға алынған әскерлер террор ұйымының пулемет шабуылы астында.

Ирак Федералды полиция басшысы генерал-полковник Раид Шакир Джевдет жасаған мәлімдемеде Ал-Фаллуджадағы үкімет ғимараттарының қолға түсірілуінің артынан Федералды полиция күшінің Най Низал аймағындағы үйлерді миналардан тазалау операциясын бастағанын білдірді.

«Мина іздеу жұмыстары аясында бір сот және 3 дана бос түрме табылды» деді.

Джевдет террор ұйымының тұтқындар жаппай өлтірген болуы мүмкін екенін немесе армия жасақтарының аймақты бақылауға алуы алдында Ал-Фаллуджадан алып қашқанын мәлімдеді.

Ал-Фаллуджаны ДАИШ-тен құтқару операциясы аясында армия жасақтары, қала әкімшілігі, полиция, барлау және аудан мәжілісі сияқты ғимараттарды бақылауға алған болатын.



Ұқсас жаңалықтар