Неміс Мәжілісі төрағасы Африка қырғынын мойындады

Норберт Ламмерт 1904 жылы Героро мен Нама тайпаларына жасалған қырғынды мойындады.

509796
Неміс Мәжілісі төрағасы Африка қырғынын мойындады

Германия Федеральды Мәжілісі (Bundestag) төрағасы Норберт Ламмерт елінің империялық кезеңде жасаған отаршылдық қылмыстарымен жүздесу керектігін атап айтты.

Ламмерт неміс ZDF-2 арнасына жасаған мәлімдемеде «Германияның бұл тақырыпты ашық сөзбен тілге тиек етпеуі өкінішті және соңғы күндердегі жаңалықтар тұрғысынан қарағанда ұяламын» деді.

Ламмерт Мәжілістің тақырыппен байланысты бір мәлімдеме жасауын күткенінде атап айтты.

1904 жылы қазіргі Намибия халқының көтерілісі неміс отаршыл күштері тарапынан қанды қырғынмен тоқтатылып, кемінде Героро тайпасынан 60 мың, Нама тайпасынан болса 10 мың адам өлтірілген болатын.

Неміс қолбасшы генерал Лотар фон Трота бұл ру тайпаларды жаппай жоюға тапсырма берген еді.

Мәжіліс төрағасы Ламмерт 1904 жылы жасалған бұл қылмыстарды, 2015 жылы «қырғын» деп атаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар