Қанжар Стамбулда табылды

Каддафидің қанжары табылды.

509935
Қанжар Стамбулда табылды

Ливияның төңкерілген басшысы Муаммер Каддафидің жоғалып кеткен қанжары өзі өлгеннен бес жылдан кейін Стамбулда табылды.

Каддафидің сарайынан талан-таражға салынған,  піл тісінен жасалған,  алтын, жақұт,  бриллиант,  сапфир  тастармен безенген қанжарды біреулер сатуға тырысқан кезде табылды.

Стамбул Заңсыз саудамен күрес дирекциясына қанжардың Сауд Арабиялық іскерлерге 10 миллион долларға сатылатыны туралы ақпар келіп түсті.

Операцияда қанжарды сатуға тырысқан адам мен екі көмекшісі ұсталды.

Олар қанжарды Ливиядағы оппозициялық топтардан 4,6 миллион долларға сатып алған көрінеді.

Қанжар кемінде 2 миллион доллар тұрады.



Ұқсас жаңалықтар