Германияда босқындарға қарулы шабуыл жасалды

Төменгі Саксонияда 21 жасар бір неміс 5 бен 18 жасар екі босқынды жаралады.

510375
Германияда босқындарға қарулы шабуыл жасалды

Германияның Төменгі Саксония уәлаятының Линген қаласында бір адамның мылтықпен шабуылында 2 босқын жарақат алды.

Бентхайм полициясы тарапынан жасалған мәлімдемеге қарағанда 21 жасар бір күдікті босқын жатақханасының алдындағыларға мылтықпен шабуылдады.

Оқиғада македониялық 5 жасар бір қыз бала мен 18 жасар сириялық жас аяғынан жарақат алды.

Жаралылар ауруханаға жеткізіліп, күдікті жайлы «адам жарақаттау» айыбымен тергеу ашылды.

Оснабрюк прокуратурасының мәлімдемешісі Александр Ретемейер күдіктінің үйі мен босқын жатақханасы арасындағы қашықтықтың шамамен 40 метрдей екенін атап, күдіктінің үйінде жүргізілген іздестіру жұмыстарында табылған мылтық пен оқ-дәрінің кепілдікке алынғанын білдірді.

Ретемейер күдіктінің алдында тіркелген қылмысы бар екенін атап, радикал оңшылдармен байланысының қарастырылғанын мәлімдеді.



Ұқсас жаңалықтар