Орыс ұшақтары бомбалады

Қоршау астындағы аймақтарға көмек жеткізу қиындай түсті.

506265
Орыс ұшақтары бомбалады
peşhabur sınır kapısı.jpg
bm suriye yardım.jpg

Орыс ұшақтарының Сириядағы Халеб және Идлиб қалаларына шабуылында екі бала қаза тапты.

Оппозицияның бақылауындағы аймақ пен аудандарда көптеген азамат жарақат алды.

Шабуылдан кейін кейбір көлік пен тұрғын үйлерде өрт шықты.

Сонымен қатар БҰҰ бас хатшысының баспасөз хатшысы Стефан Дужарик Сирия әкімшілігінің Дераяға көмектің ішінара кіруіне рұқсат бергенін айтып, көмекті толықтау жеткізу талаптарын қайталады.

Дужарик журналистерге берген мәлімдемесінде БҰҰ-ның 5 маусым күні жазбаша түрде Сирия Сыртқы істер министрлігіне өтініш бергенін және астана Дамаскта кейбір аудандар үшін гуманитарлық көмек жеткізілуі үшін рұқсат сұрағанын айтты.

Өтініште тікұшақтармен көмек жеткізілуі таңдауына да орын берілді. Дужариктің айтуынша ұшақпен көмек лақтыру жоспарланған жоқ.

АҚШ Сыртқы істер министрлігі баспасөз хатшысы Марк Тонер де күнделікті баспасөз брифингінде Сирияда әкімшілік күштерінің қоршауы астындағы аймақтарға гуманитарлық көмек жеткізілуінде маңызды проблемалар бар екенін атап көрсетіп: «Гуманитарлық көмек және қол жетімділік тақырыбында қалаған деңгейде емеспіз» деді.

АҚ Үй баспасөз хатшысы Джош Эрнест те Башар Асадтың қоршау астындағы аймақтарға гуманитарлық көмектің жеткізілуіне кедергі жасағанын айтып, «Осыған байланысты да оның елді өз лидерлігінде бірлестіру жөніндегі сөздері мағынасыз» деді.

Осы арада Ирак Күрд аймақтық әкімшілігі Сирияның солтүстігіне ашылатын Пешабур шекара қақпасының тек негізгі азық-түлік және дәрі-дәрмектің өткізілуі шартымен уақытша ашылатынын хабарлады.

ИКАӘ төрағасы Месут Барзани басшылығындағы Күрдістан Демократ партиясының ресми интернет парақшасындағы хабарламаға қарағанда шешім бүгіннен бастап күшіне енеді.

 



Ұқсас жаңалықтар