Аты аңызға айналған боксер Мұхаммед Әли дүниеге көз жұмды

Карьерасы бойынша 61 матчтың 56-сында жеңіске жеткен Мұхаммед Әли атын спорт тарихына алтын әріптермен жазғызды.

503795
Аты аңызға айналған боксер Мұхаммед Әли дүниеге көз жұмды

Аты аңызға айналған американдық боксер ауыр салмақтағы әлем чемпионы Мұхаммед Әли дүниеге көз жұмды.

Ұзақ уақыттан бері Паркинсонмен ауырған 74 жасар Мұхаммед Әли тыныс жолдарындағы ауру себепті жатқызылған ауруханада дүниеге көз жұмды.

Бокс карьерасын аяқтаған соң 1984 жылы Паркинсон ауруына шалдыққан және толық аты Кассиюс Марселиюс Клэй (Cassius Marcellus Clay Jr.) болған боксер 1964 жылы ислам дінін таңдап Мұхаммед Әли деген атты алған болатын.

Мұхаммед Әли 1964, 1974 және 1978 жылдары 3 рет бүкіләлемдік ауыр салмақ бокс чемпионаттарын жеңіп алды.

Карьерасы бойынша 61 матчтың 56-сында жеңіске жеткен Мұхаммед Әли атын спорт тарихына алтын әріптермен жазғызды.



Ұқсас жаңалықтар