БҰҰ-дан Оңтүстік Корея мен Солтүстік Кореяға шақыру

БҰҰ Бас хатшысы Оңтүстік және Солтүстік Кореяға келіссөздерді қайта бастау үшін шақыру тастады.

498153
БҰҰ-дан Оңтүстік Корея мен Солтүстік Кореяға шақыру

БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун Оңтүстік және Солтүстік Кореяға келіссөздерді қайта бастау тақырыбында шақыру тастады.

Пан Оңтүстік Кореяның оңтүстігіндегі Жежу аралында ұйымдастырылған форумда Сеул мен Пхеньян әкімшілігінің жаңадан келіссөздерді бастау үшін жол табу керектігін атап айтты.

Екі ел арасындағы келіссөз талпыныстарын қолдаған Пан «Екі Корея арасында орнатылатын жақсы ынтымақтастық тек қана Корея аралы үшін емес, аймақтың тұрақты бейбітшілігі үшін де қажетті» деді.

Оңтүстік Корея солтүстікті «алдымен ядролық қарулардан тазалау» шартымен Пхеньян әкімшілігінің «әскери келіссөздерді бастайық» ұсынысына болымсыз жауап қайтарған болатын.

Оңтүстік Корея Қорғаныс министрлігі мәлімдемешісі Мун Санг-Гйун Сеул әкімшілігінің ядролық қарулар тазаланбаған Солтүстік Кореямен келіссөздерді «халықаралық қоғамның Пхеньянға қарсы санкцияларын жеңілдету ықтималы себепті» қабылдамағандарын атап көрсеткен еді.

Оңтүстік Корея мемлекет басшысы Пак Кын-Хе Солтүстік Кореяның қалаған кезде ядролық сынақ өткізе алатынын және орта қашықтықтағы жаңа бір зымыранды ұшыруға дайындалғанын атап айтты.

Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесі 6 қаңтар күні термоядролық бомба мен 7 ақпан күні зымыран сынағы жариялаған Солтүстік Кореяға ауыр санкциялық шешім қабылдаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар