ДАИШ-тік 7 жанкешті Сирияда қырғын жасады

Жебле мен Тартус қалаларына жасаған 7 бөлек шабуылда 148 адам қаза тапты.

496573
ДАИШ-тік 7 жанкешті Сирияда қырғын жасады

Сирияда ДАИШ террор ұйымының Асадтың бақылауындағы Жебле мен Тартус қалаларына жасаған 7 бөлек жанкешті шабуылда қаза тапқандар саны 148-ге ұласты.

Жебледегі шабуылда 100, Тартустағы шабуылда болса 48 адам қаза тапты, шамамен 200 адам жарақат алды.

Оппозициялық ақпарат көздері ДАИШ-тің Нусайрилерді нысанаға алған соңғы шабуылдарында 2 бомба орналастырылған көлікпен 5 жанкешті қолданғанын жариялады.

Шабуылдар БҰҰ Бас хатшысы, Франция мен АҚШ тарапынан қатаң түрде айыпталды.

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Джон Керри Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавровқа телефон шалды.

Керри Лавровтан Асадты биліктен бас тартуға көндіруін талап етіп, мұның ДАИШ-пен күреске үлкен үлес қосатынын алға тартты.

Вашингтон әкімшілігі болса Лавров жасаған «ДАИШ-ке қарсы ортақ әуе операциясы» ұсынысын растамады.

Ресей Сыртқы істер министрлігі болса ДАИШ-ке қарсы ортақ операция тақырыбының Керри-Лавров арасындағы әңгіме барысында күн тәртібіне келгенін алға тартты.



Ұқсас жаңалықтар