Бангладеште партия басшысы Низами дарға асылды

Жамағат-и Ислами партиясы басшысын дарға асу жазасын бекіткен Жоғары соттың шешімі орындалды.

488513
Бангладеште партия басшысы Низами дарға асылды

Матиур Рахман Низамидің үлкен баласы Накибур Рахман Бангладеш үкіметі құрған соғыс қылмыстары соты үкімімен әкесінің дарға асылғанын мәлімдеді.

Накибур Рахман Жамағат-и Ислами мүшелерін сабыр сақтауға шақырып, «Отбасы мүшелері ретінде сабырлы және тік тұруға тырысамыз. Сабыр сақтаудан басқа амалымыз жоқ. Әкеміздің шәйіт болғанына сенеміз. Ол салған жолда жүреміз. Барлық мұсылмандарды әкем үшін дұға етуге шақырамын» деді.

Жамағат-и Исламидің жастар үйірмесі басшысы кезінде және 1971 жылғы азаттық соңғысында Пәкістан армиясына қолдау бергені алға тартылған Низами, Пәкістан армиясымен ынтымақтастық жасау және араларында жазықсыз адамдарға бағытталған шабуылдар да бар 16 қылмыспен айыпталған болатын.

Соғыс қылмыстары соты 2014 жылы Низамийді дарға асуға үкім шығарған болатын. Низами сот шешімін аппеляция сотына беріп, 6 қаңтар күні Жоғары сот аталмыш шешімді бекітті.

Жамағат-и Ислами қозғалысы басшыларынан Абдулкадир Мұхаммед Камаруззаман және Али Ихсан Мүжахид те Соғыс қылмыстары соты үкімімен алдында сотталып, дарға асылған болатын.



Ұқсас жаңалықтар