Араб парламентінен шақыру

Араб парламенті Сирияға Араб Бейбітшілік күшін жолдауға шақырды.

487778
Араб парламентінен шақыру

Араб парламенті Сирияға Араб Бейбітшілік күшін жолдауға шақырды.

Араб парламентінің Ұлттық қауіпсіздік,  саясат және сыртқы істер комитеті Араб Лигасының Мысырдың бас қаласы Каирдегі бас ғимаратында Сирияның Халеб қаласындағы оқиғаларды талқылау мақсатты кезектен тыс жиналды.

Жиналыстан кейін баспасөз өкілдеріне мәлімдеме жасаған Араб парламенті төрағасы Ахмет бин Мұхаммед әл Джереван «Атысты тоқтату келісімінің жалғасуы, қалалардағы қоршаудың доғарылып,  гуманитарлық көмектің жеткізілуі үшін Сирияға Араб Бейбітшілік күшінің жолдауына шақыру тастаймыз» деді.

Джереван аталмыш күштің қалай жолданатыны жөніндегі сұраққа: «Араб парламенті бір заң шығару және бақылау органы,  қарулы күші немесе қаржылай мүмкіндігі жоқ.  Алайда өкілеттіктері бар.  Біз шетелдік күштердің Сирияға араласуына қарсымыз» деп жауап берді.



Ұқсас жаңалықтар