Араб Одағы Халебтегі шабуылдар себепті кезектен тыс жиналды

Араб Одағы Сирияда Асад режимінің Халеб пен айналасындағы жазықсыз адамдарға қарсы шабуылдарын айыптады.

484451
Араб Одағы Халебтегі шабуылдар себепті кезектен тыс жиналды

Араб Одағы Сирияда Асад режимі тарапынан Халеб пен айналасындағы жазықсыз адамдарға қарсы жасалған шабуылдарды айыптады.

Катардың шақыруымен Араб Одағы тақырыппен байланысты кезектен тыс жиналды.

Бахрейн басшылығында ұйымдастырылған жиналысқа Араб Одағы Бас хатшысы Небил эл-Араби де қатысты.

Араб Одағы Бас хатшысы орынбасары Ахмед ибн-Хиллу жиналыстың артынан өткізген баспасөз жиналысында Сирия режимі тарапынан Халебте жазықсыз адамдарды нысанаға алған қырғынды айыптағандарын білдірді.

Шабуылдардың халықаралық келісімдерге де қарама-қайшы екенін атап көрсеткен Хиллу «БҰҰ Қауіпсіздік кеңесін Сирия режимінің бүкіл ел көлеміндегі шабуылдарын дереу тоқтатуы үшін баршаны қозғалуға және қажетті шешімдерді қабылдауға шақырамыз» деді.

Хиллу шабуылдарға ортақ болған тараптарды халықаралық сотқа шығару жөнінде қажетті қадамдарды басу үшін де халықаралық қоғамға шақыру тастады.



Ұқсас жаңалықтар