Иран шетел әскерлерінің отбасыларына азаматтық берілетінін жариялады

Иран Мәжілісінде бүгін қабылдаған заң жобасы жайлы Тасим хабар агенттігі мәлімдеді.

482641
Иран шетел әскерлерінің отбасыларына азаматтық берілетінін жариялады

Иран ел көлемінде немесе шетелдегі қақтығыстарда қаза тапқан шетелдік қызметкерлердің жанұяларына азаматтық беретінін жариялады.

Иранның жартылай ресми Тасним агенттігінде орын алған хабарда Мәжілісте бүгін қабылданған заңға қарағанда ел көлемінде немесе шетелде тағайындалған бір қызмет барысында «шәйіт» болған шетелдік қызметкерлердің жұбайы, баласы, ата-аналарына арыз берілген күннен бастап кеш дегенде 1 жылдың ішінде азаматтық берілетіні атап көрсетілген.

Заң 1980-1988 жылдары арасында Иран-Ирак соғысы кезінде немесе кейін қаза тапқандарды да қамтиды.

Тегеран әкімшілігі Пәкістан мен Ауғанстан текті көптеген қарулы адамды Төңкеріс сарбаздары армиясы құрамында Сирияда Башар Асад режиміне қолдау мақсатты соғысқа жіберуде.

Кейбір батыс медиа мекемелерінде орын алған жаңалықтарға қарағанда Зейнебиййун және Фатимиййун бригадасы шаңырағы астында қызмет атқарған қарулы адамдардың азаматтық уәдесімен Сирияға жіберілгені алға тартылған болатын.



Ұқсас жаңалықтар