Ирак армиясы Мосулды кері қайтару үшін операция бастады

Армия ДАИШ террор ұйымының қолындағы Мейхана ауылы мен төңірегін толығымен бақылауға алды.

479338
Ирак армиясы Мосулды кері қайтару үшін операция бастады

Мосулды кері қайтару операциясына жеткілікті әскери күш қамтамасыз етіле алмағаны себепті үзіліс берген Ирак армиясы халықаралық коалиция күштерінің әуе қолдауымен Махмур майданынан операцияларын қайтадан бастады.

Аймақтағы Ирак армиясы қол басшыларының бірі генерал Латиф Хашим Анадолы агенттігіне жасаған мәлімдемеде «Халықаралық коалиция күштері азанғы уақытта ДАИШ террор ұйымының бақылауындағы Мейхана ауылы мен төңірегін бомбалады. Кейін әскери жасақтар ауылдың бақылауын толығымен қолға түсірді» деді.

Ирак армиясы және ДАИШ террористтері арасында қақтығыстардың шоғырланғанын атап айтқан Хашим басқа аймақ ауылдарын да кері қайтару үшін жаңа операциялардың басталғанын атап айтты..

Мосулдың Махмур ауданындағы Нинова ортақ операция қолбасшылығы 6 сәуір күні жазбаша бір мәлімдеме жасап әскери күштің жеткіліксіздігінен тоқтаған операциялардың қайта басталатынын жариялаған болатын.

Ирак армиясы 24 наурыз күні ДАИШ қолға түсірген Мосул қаласының кері қайтарылуы үшін Махмур ауданынан операция бастағанын жариялаған еді.



Ұқсас жаңалықтар