Орыс соғыс ұшақтары жазықсыз адамдарды қырды

Орыс армиясы Халебке соғыс ұшақтары және баллистикалық зымырандарымен жасаған шабуылда 18 адамды өлтірді.

478644
Орыс соғыс ұшақтары жазықсыз адамдарды қырды

Орыс армиясына тиесілі соғыс ұшақтарының Халеб пен төңірегіне жасаған шабуылында 18 адам қаза тапты, 13 адам жарақат алды.

Халебтің батысындағы Этариб ауданынан Азаматтық қорғаныс мекемесі лауазымдысы Ибрахим эл-Ибрахим орыс жойғыш ұшақтарының аудандағы азаматтық қорғаныс орталығын да жойғанын білдірді.

Шабуылда орталықтағы 5 қызметкердің қаза тапқанын, 3 адамның болса ауыр жараланғанын жеткізген Ибрахим «Біз тыңдаған рациядан орыс соғыс ұшақтарының азаматтық қорғаныс орталығын бомбалағанын үйрендік. Орыстар тек қана ұшақтарымен емес, орыс фрегатындағы баллистикалық зымырандарымен де орталыққа шабуылдады» деді.

Жергілікті ақпарат көздері орыс соғыс ұшақтарының Фирдевс, Хайдерийе және Шеар аудандарына жасаған шабуылдарында 13 адамның қаза тапқанын, 10 адамның да жарақат алғанын хабарлады.



Ұқсас жаңалықтар