Сербияда ертең сайлау

Сербияда ертең кезектен тыс жалпы халықтық сайлау өтеді.

476606
Сербияда ертең сайлау

Сербияда ертең кезектен тыс жалпы халықтық сайлау өтеді.

6 миллион 737 мың 808 тіркеулі сайлаушы 20 саяси партия және одаққа дауыс береді.

25орынды мәжіліске тек 5 пайыз сайлау бөгетінен өткен партия мен одақтардың кандидаттары, айырықша азшылық өкілдері кіреді.

Ұлыбритания, Канада және АҚШ-та тұратын Сербия азаматтары бүгін, Австрия, Бельгия, Босния және Герцоговина, Италия, Македония, Румыния, Ресей, германия, Словакия, Словения, Түркия, Біріккен Араб Әмірліктері, Франция, Голландия, Хорватия, Черногория, Чех республикасы, Швейцария және кейбір африка елдерінде тұратын Сербия азаматтары болса дауыстарын ертең қолданады.

Нақты қорытынды заң бойынша ең кеш дегенде 28 сәуірге дейін жариялануы керек.

Сайлаушылар жалпы халықтық сайлаумен бірге жаңа жергілікті әкімшілікті анықтау үшін де дауыс қолданады.

Сайлау үдерісі барысында 1687 жергілікті және 196 шетелдік бақылаушы қызмет атқарады.

4 жылда бір жалпы халықтық сайлау өтетін Сербияда өткен сайлау 2014 жылдың 16 наурыз күні болып, сайлауды SNS жеңіп шыққан еді.


Этикеттер: #Сербия , #сайлау

Ұқсас жаңалықтар