Қоршау астындағылар эвакуациялануда

Мадаяда жаралылар мен жедел көмекке мұқтаж азаматтардың эвакуациялануы үшін БҰҰ 7 автобус бөлді.

475383
Қоршау астындағылар эвакуациялануда

Сирияда қоршау астындағы 4 ауданнан көбі жаралы барлығы 500 адам БҰҰ бақылауында эвакуациялануда.

Аталмыш аудандардың екеуі оппозицияның, екеуі де әкімшіліктің қарамағында.

Өткен жылы ондаған адам аштықтан өлген Дамаск маңындағы Мадаяда жаралылар мен жедел көмекке мұқтаж азаматтардың эвакуациялануы үшін БҰҰ 7 автобус бөлді.

Мадая мен Забаданиде қоршау астындағы 250 адам эвакуацияланды. Идлибте оппозицияның қоршауындағы Фуа және Кефрая аудандарында да 250 адам эвакуацияланды.

Әкімшіліктің бақылауындағы аудандардан эвакуацияланғандар Латакияға, оппозицияның қолындағы жерлерден эвакуацияланған азаматтар болса Идлибке жеткізіледі.

БҰҰ осы аудандарға тең мөлшерде көмек материалдарын да жеткізуде.

Сирияда әлі қоршау астында тұрған 4 миллион адамның жағдайы ауыр.

Елдегі қақтығыстар да Халебтің оңтүстігінде шоғырланған. Бітімге қарамастан әкімшілік жасақтары оппозицияның бекіністерін бомбалауда.

Иракта болса АҚШ Мосулдың террор ұйымы ДАИШ-тен қайтарылып алынуы үшін қолдауын күшейтті. Пентагон Мосулдың оңтүстігіндегі ДАИШ қару қоймасының бомбалануы үшін аймаққа ұшақ жолдады. Пентагонның хабарламасына қарағанда В-52 ұшағы Мосулдың оңтүстігіндегі қару қоймасын жарды.

Америка әскерлері де пешмергамен бірге бір топ ДАИШ басшыларына қарсы операция бастады, бір террорист басшысын өлтірді.



Ұқсас жаңалықтар