Хизбулла - террор ұйымы
Араб парламенті де Хизбулланы террор ұйымы деп жариялады.
472781
![Хизбулла - террор ұйымы](http://cdn.trt.net.tr/images/xlarge/rectangle/3cc3/db28/e5e7/571459f87d3d8.jpg?time=1737254836)
Шығанақ Ынтымақтастық кеңесі және Араб лигасынан кейін Араб парламенті де Хизбулланы террор ұйымы деп жариялады.
Парламенттің Мысырдың астанасы Каирде өткен отырысынан кейін мәлімдеме жасалды. Мәлімдемеде Иранның Хизбулла арқылы араб елдерінің ішкі істеріне араласуы айыпталды.
Стамбулда өткен 13-ші Ислам Ынтымақтастығы саммитінің ортақ декларациясында Иранның аймақ елдерінің ішкі істеріне араласуы айыпталған болатын.
Араб парламентінің осы декларациядан кейін Хизбулланы террор ұйымы ретінде жариялауы назар аударды.
Ұқсас жаңалықтар
![«SpaceX»-тің зымыран ұшыру сынағы сәтсіз аяқталды](http://cdn.trt.net.tr/images/medium/rectangle/60b8/a74b/7eaf/678a418b25c7d.jpg?time=1737254836)
«SpaceX»-тің зымыран ұшыру сынағы сәтсіз аяқталды
Илон Маск өзінің «X» әлеуметтік желісіндегі аккаунтында оқиғаның видеосын жариялады.