Жапонияда жер сілкінді

Жер сілкінісінде кемінде 18 адам қаза тапты.

472029
Жапонияда жер сілкінді

Жапонияның Кумамото қаласында 7,3 балдық жер сілкінісі болып, кемінде 18 адам қаза тапты.

Америка Геологиялық зерттеулер орталығы елдің оңтүстігіндегі Кумамото қаласында болған жер сілкінісінің жердің 10 км астында болғанын хабарлады.

Жер сілкінісінен кейін цунами дабылы соғылды.

Артынан қалыпты жағдайға өтті.

Жер сілкінісінде аймақтағы атом стансаларына зиян келген жоқ. Бірақ әлі кейінгі дүмпулер жалғасуда.

Кумамотода жұма күні болған жер сілкінісінде де 9 адам қаза тапқан болатын.



Ұқсас жаңалықтар