Атазаңды қорғау ұйымы төрағасы ДАИШ-тің Германияға қауіп төндіргенін мәлімдеді

Төраға Париж, Лондон және Брюссель сияқты қалаларға қоса, неміс қалаларының да шабуыл тізімінде екенін атап көрсетті.

468735
Атазаңды қорғау ұйымы төрағасы ДАИШ-тің Германияға қауіп төндіргенін мәлімдеді

Германияда ішкі барлау ұйымына жауапты Федеральды Атазаңды қорғау ұйымы (BfV) төрағасы Ханс-Георг Маасен ДАИШ террор ұйымының өздерінде нысанаға алғанын және ұйымның елде бір қатар шабуыл жоспарлағанын айтты.

«Welt am Sonntag» газетіне сұхбат берген Маасен осы орайда Париж, Лондон және Брюссель сияқты қалаларға қоса, неміс қалаларының да шабуыл тізімінде екенін атап көрсетті.

Федеральды Атазаңды қорғау ұйымы (BfV) төрағасы Германияға бағытталған нақты бір шабуыл үшін қолда кезкелген бір ақпарат болмаса да, аса маңызды бір қауіп бар екенін атап көрсетті.

Террористік шабуыл күшіне ие мың 100 адам мен бұған қоса, 8 мың 650 Сәләфия бар екенін атап көрсеткен Маасен «Күн өткен сайын саны одан да артуда» деді.

Террористтердің сириялық босқындарды да өздеріне қосуға тырысқандарын бұл аяда шамамен 300-ге жуық оқиғаны тіркегендерін атап айтқан Маасен әсіресе Германияға жалғыз өзі келуші босқын балалардың нысанаға алынғанына назар аударды.

Кейбір ДАИШ мүшелерінің Сириядан келген босқындар арасына қосылғанын атап айтқан Ханс-Георг Маасен ең үлкен қиыншылықтың босқындардың шамамен 70 пайызында паспорт немесе куәлік құжаты жоқ екенін атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар