6 мың бала жоғалып кеткен

Германияға жеткен босқындардың арасынан кәмелетке толмаған 5 мың 835 баланың жоғалып кеткені жарияланды.

468778
6 мың бала жоғалып кеткен

Өткен жылы Германияға жеткен босқындардың арасынан кәмелетке толмаған 5 мың 835 баланың жоғалып кеткені жарияланды.

Ішкі істер министрлігінің мәлімдемесіне қарағанда жоғалып кеткендер арасында 14 жасынан төмен 555 бала бар.

Министрлік осы балалардың қалай жоғалып кеткендері жөнінде мәлімдеме жасамады.

Жоғалып кеткен балалар мен жасөспірімдердің Ауғанстан, Сирия, Эритрея, Марокко және Алжирден жалғыз келгендері анықталды.

Федералдық Отбасы министрлігі ақпан айында Германияда мыңдаған босқын баланың жоғалып кеткені туралы хабарларды жалғанға шығарған болатын.

Алты мыңға жақын адамның жоғалып кетуіне оппозициядан наразылық келді.

Олар неміс үкіметін түрлі қылмыстық топтарды жеткілікті түрде бақыламайды деп айыптап отыр.


Этикеттер: #босқын , #Германия

Ұқсас жаңалықтар