Париждегі террор лаңкестігінің күдіктісі Мұхаммед Абрини ұсталды

Абринимен бірге террормен байланысы бар деген 3 кісі ұсталды.

467523
Париждегі террор лаңкестігінің күдіктісі Мұхаммед Абрини  ұсталды

Париждегі террор лаңкестігінің күдіктісі Мұхаммед Абрини Бельгияда ұсталды.

Абринимен бірге террормен байланысы бар деген 3 кісі ұсталды.

Бельгия федералдық прокуратураның хабарламасына қарағанда, Абрини кеше түсте Брюссельде ұсталды.

Абринидің ДНҚ-сы шабуылдаушылар жасырынған Брюссельдегі екі үймен бірге 13 қараша күнгі лаңкестікте қолданылған бір автомобильде анықталды.

Абрини лаңкестіктен бұрын Салах Абдесламмен бірге бір пәтер жалдады. Шабуылдаушылардың кейбірі Париждегі лаңкестіктен бұрын осы пәтерде тұрды.

Бір мезгіл Сирияда ДАИШ қатарында соғысқаны белгілі 31 жасар Марокко текті Бельгия азаматы Абринидің Париж лаңкестігіндегі ролі толық белгілі емес.

Прокуратура қалған ұсталғандар туралы мәлімет бермеді.



Ұқсас жаңалықтар