Жаһандық деңгейде әскери шығыстар артуда

Әскери шығыстар өткен жылы Африка, Латын Америка және Карибте азайды.

465072
Жаһандық деңгейде әскери шығыстар артуда

Жаһандық деңгейде әскери шығыстар артуда

Орталығы Швецияның бас қаласы Стокгольмде болатын Халықаралық Бейбітшілік зерттеулері институтының есебіне қарағанда жаһандық әскери шығыстар 2015 жылы бір жыл бұрынғымен салыстырғанда 1 пайыз артып, 1,7 триллион долларға жетті.

Әскери шығыстардың артуына террор ұйымы ДАИШ-ке қарсы күрес, Йемендегі соғыс, Қытайдың Оңтүстік Қытай теңізіндегі талаптары, Ресейдің Қырымды аннексиялауы, Украинадағы жікшілдерге қолдау беруі сынды оқиғалар себеп болды.

Әскери шығыстар өткен жылы Африка, Латын Америка және Карибте азайды. Америка Құрама Штаттары, Еуропа, Азия және Таяу Шығыста артты.

Есепке қарағанда АҚШ 596 миллиард доллармен жаһандық әскери шығыстың шамамен төрттен бірін қалыптастырды. Осы елден кейін әскери шығыстарын 7,4 пайыз арттырған Қытай келеді. Тізімде Сауд Арабиясы үшінші орында.

АҚШ әскерлері кеткеннен кейін Ирактың әскери шығыстары да 13,1 миллиард долларға жетті.



Ұқсас жаңалықтар