Ядролық саммит басталды

Ядролық Қауіпсіздік саммиті Америка Құрама Штаттарының бас қаласы Вашингтонда басталды.

462500
Ядролық саммит басталды

Ядролық Қауіпсіздік саммиті Америка Құрама Штаттарының бас қаласы Вашингтонда басталды.

Террор лаңкестіктері артқан, Солтүстік Кореяның ядролық қаупі асқынған бір кезде әлем басшылары жаһандық қауіпсіздік тақырыптарын қолға алуда.

50-ден астам елдің мемлекет және үкімет басшылары «ядролық материалды қорғауға алуды» мақсат еткен Ядролық Қауіпсіздік саммитінде бас қосты.

Осы маңызды саммитке Түркия атынан президент Режеп Тайып Ердоған қатысуда.

Жиналыста ДАИШ сынды террор ұйымдарының қолына ядролық материалдың өтпеуі үшін қолданылатын шаралар қарастырылады. Сонымен бірге радиоактивті материалдың азайтылуы және сенімді түрде сақталуы да қолға алынады.

Айырықша ядролық қауіпсіздікті қамдау үшін жұмыс істейтін ұйымдардан тұратын халықаралық желінің нығайтылуы да күн тәртібінде.

Саммит Ақ Үйде АҚШ президенті Барак Обаманың қонағасымен басталды.

Вашингтондағы Конгресс орталығындағы жиналыстарда ядролық қауіпсіздікті жетілдіруге бағытталған ұлттық және халықаралық шаралар қолға алынады.

Ресей саммитке қатыспады.



Ұқсас жаңалықтар