Сомалиде мектеп көлігіне шабуыл

Могадишода араларында түрік азаматы да бар мектеп көлігіне жасалған шабуылда 6 адам қаза тапты.

462000
Сомалиде мектеп көлігіне шабуыл

Қаза тапқандар арасында бір түрік пен Әзірбайжан азаматы да бар.

Могадишода «4-ші шақырым» деп танымал аймақта оқушылардың мектептен оралған кезде мінген мектеп көлігіне кім екені белгісіз адамдар тарапынан шабуыл жасалды.

Жаралылар да бар екені хабарланған оқиғаның артынан аймақта міндет атқарған Африка Одағы әскерлері қауіпсіздік шараларын арттырды және оқиғамен байланысты тергеу бастады.

Түрік сыртқы істер министрлігі жасаған мәлімдемеде жаралы бір түрік азаматының жағдайының Могадишо өкілетті және төтенше елшілігі тарапынан қадағаланғаны аталып, «Бұл қасақана шабуылды қатаң түрде айыптап, лағынеттейміз» делінді.

Шабуылда қаза тапқандарға Алланың рақымшылығы және жаралыларға шипа тіленген мәлімдемеде «Бүгін (30 Mart 2016) кешкі уақытта Сомалидің бас қаласы Могадишода араларында азаматтарымыз да бар мектеп көлігіне жасалған шабуылда 1 азаматымыздың қаза тапты. Қаза тапқандар арасында әзірбайжандық және сомалилік азаматтар дабар. Кейбір азаматтарымыздыңда жарақат алғанын үйрендік» делінді.



Ұқсас жаңалықтар