Иран елбасы Руханидің Австрия сапары кейінге қалдырылды

Австрия Хасан Руханидің бүгінге жоспарланған сапарының қауіпсіздік себепті кейінге қалдырылғанын мәлімдеді.

461099
Иран елбасы Руханидің Австрия сапары кейінге қалдырылды

Иран елбасы Хасан Руханидің бүгінге (30.03.2016) жоспарланған Австрия сапары қауіпсіздік себепті кейінге қалдырылды.

Австрия президенттік аппаратынан жасалған мәлімдемеде «Иран елбасы Хасан Рухани мен делегациясының 30-31 наурыз күндеріне жоспарланған сапары Иранның талабымен қауіпсіздік себепті кейінге қалдырылды» делінді.

Мәлімдемеде саяхаттың кейінге қалдырылу себебі ретінде көрсетілген «қауіпсіздік себебі» жайлы терең мағлұмат берілмеді.

Руханидің жұмыс сапары аясында Австрия президенті Хайнц Фишер және премьер-министр Вернер Файманмен бас қосып, екі ел арасында экономикалық ынтымақтастықты жетілдіретін келісімдерге қол қоюы күтілетін.



Ұқсас жаңалықтар