Барак Обама әлем лидерлерімен жиналыс өткізеді

Обама Жапония премьер-министрі және Оңтүстік Корея Президентімен кездеседі

460567
Барак Обама әлем лидерлерімен жиналыс өткізеді

Америка Құрама Штаттары Президенті Барак Обама осы апта астана Вашингтонда ұйымдастырылатын Атомдық қауіпсіздік саммиті барысында әлем лидерлерімен ДАИШ-пен күресуді қолға алатын бір жиналыс өткізеді.

Ақүй мәлімдемешісі күнделікті баспасөз мәслихатында бір сұраққа жауап бергенде Обаманың 31 наурыз және 1 сәуір күндері аралығында ұйымдастырылатын Атомдық қауіпсіздік саммиті аясында қонақ лидерлермен осы тақырыпты талқылауын жоспарлағанын айтты.

Енді бір жағынан Ақүйден жасалған жазбаша мәлімдемеде Обаманың Атомдық қауіпсіздік саммиті аясында Жапония премьер-министрі Синдзо Абэ және Оңтүстік Корея Президенті Пак Кын Хемен үштік кездесу өткізетіні білдірілді.



Ұқсас жаңалықтар