Ирак елбасы орынбасары Түркия сапарын бағалады

Усаме Нужейфи Мосулды ДАИШ-тен кері қайтару үшін Түркияның қолдауына сенгенін мәлімдеді.

459065
Ирак елбасы орынбасары Түркия сапарын бағалады

Ирак елбасы орынбасары Усаме Нужейфи Түркияның Мосулда қазірге дейін әрі Мосул халқына, әрі баспанасыз қалғандарға бағыттап аса маңызды жұмыстар атқарғанын және Түркияның қолдауына сенгендерін атап көрсетті.

Нужейфи президент Режеп Тайып Ердоған мен премьер-министр Ахмет Давутоғлуның шақыруын қабылдап, Түркияға ресми сапармен келгенін және кездесулердің өте табысты өткенін білдірді.

Кездесулерде Мосулды құтқаруға қатысты алдағы кезеңде атқарылатын жұмыстарды қолға алғандарын атап айтқан Нужейфи Түркияның Мосулды ДАИШ-тен құтқару үшін жүргізген жұмыстарын мақтан тұтты.

Нужейфи Мосулды ДАИШ-тен қысқа уақытта кері қайтару үшін Түркияның қолдауына сенгендерін атап көрсетті. Нужейфи Мосул операцияларына шиіт қарулы топтардың қатысуын қаламағандарын, Мосул халқының да бұл бағытта ойлағанын жеткізді.



Ұқсас жаңалықтар