Словакияда жаңа үкімет құрылды

Словакияда нәсілшіл сөйлемдерімен танымал Роберт Фицо басшылығында коалиция үкіметі құрылды.

457220
Словакияда жаңа үкімет құрылды

Словакияда 5 наурыз күні өткен сайлаудың артынан жаңа үкімет құрылды.

Мемлекет басшысы Андрей Киска, премьер-министр Роберт Фицо басшылығында 4 партиядан тұратын коалиция үкіметін бекітті.

Премьер-министр Роберт Фицоның басшылығындағы Солшыл бағыттағы ұлтшыл демократия партиясы SMER, ең көп дауысты жинағанына қарамастан Мәжілістегі орын көпшілігінен айырылған болатын.

Үкіметті құру міндеті берілген Әлеуметтік демократтар радикал оңшылдар мен венгр азсандылары партиясынан құрылған бір коалиция құрды.

Коалиция үкіметінің 150 мүшелі Мәжілісте 81 депутаты бар.

Үшінші рет премьер-министр сайланған Фицо босқын және мұсылмандарға қарсы сөйлемдерімен танымал.

Фицо сайлау науқанында еліне «жалғыз бір мұсылман босқынды қабылдамайтынын» уәде еткен болатын.

Словакия шілде айында Еуроодақтың кезекті басшылығын қабылдап алады.



Ұқсас жаңалықтар