Террор тақырыбындағы екі жүзділікке Еуропа баспасөзінен наразылық

«The Independent» Бельгия шабуылында ортаға қойылған ұстанымның Түркия үшін неліктен көрсетілмегенін сұрады.

456571
Террор тақырыбындағы екі жүзділікке Еуропа баспасөзінен наразылық

Террор тақырыбындағы екі жүзділікке Еуропа баспасөзі наразылық көрсетті.

Ағылшын «The Independent» газеті Брюссельдегі террор шабуылдарын айыптаған соң Бельгия байрағын тігіп, террорды лағынеттеген ағылшын үкіметін Анкарадағы шабуылда бірдей ұстаным ортаға қоймағаны себепті сынға алды.

Шабуылдың артынан Париж қала әкімінің әлемге әйгілі Эйфель мұнарасын Бельгия байрағының түстерімен безендіретіні жайлы мәлімдемесі мен Ұлыбритания премьер-министрлік бас ғимараты алдына Белгия байрағының тігілгенін еске салған газет «Бірдей ұстаным неліктен Анкара шабуылында ортаға қойылмады?» деп сұрады.

«Анкарада 14 наурыз күні 37 адам қаза тапқан террор шабуылының артынан «Downing Street» (Ұлыбритания премьер-министрлігі) неліктен түрік байрағын тікпеді?» деп сұрақ қойған The Independent, Анкарада бірінен соң бірі жарылған бомбалар мен адам шығындарын еске салып, Еуропа үнсіз қалған соң Түркияда одан көп адамның қаза тапқанын атап көрсетті.

Премьер-министрі Ахмет Давутоғлу Еуропаны сынға алған мақаласы себепті аталмыш газетке алғысын білдірді.

Давутоғлу «Бұл жерден террор ұйымы ПЙД-ні асқындырған халықаралық қоғамға үн қатамын. Бізбен бірге қозғалмаған жағдайда ПКК мен ДАИШ бірігіп, Түркия мен Еуропаға шабуылдарын жалғастыратын болады. ПЙД және ЙПГ ДАИШ-ке қарсы ем емес. ПЙД кем дегенде ДАИШ-тей жауыз және қауіпті бір террор ұйымы» деді.



Ұқсас жаңалықтар