Еуропа елдерінде қауіпсіздік шаралары ең жоғарғы деңгейде

Брюссельдегі жанкешті шабуылдардың артынан бүкіл Еуропа елдерінде қауіпсіздік шаралары ең жоғары деңгейге көтерілді.

456440
Еуропа елдерінде қауіпсіздік шаралары ең жоғарғы деңгейде

Бүкіл Еуропада ел астаналарынан бастап, шекаралардағы қауіпсіздік шаралары арттырылды.

Бельгияда рейстер кешіктіріліп, Халықаралық Завентем әуежайына баратын қатынас жолдары жабылды.

Түрік әуе жолдарына қоса көптеген Брюссель рейсі бағытын басқа әуежайларға өзгертті.

Брюссельдегі барлық метро мен автобус қатынастары да тоқтатылды. Елдегі Атом энергия стансаларындағы қауіпсіздік шаралары ең жоғарғы деңгейге көтерілді.

Армия толық жабдықталған 225 әскер мен көлікті ел астанасына жіберді. Лауазымдылар бұл санның арта түсетінін мәлімдеді.

Халыққа үйлерінен шықпау үшін ескертулер жасалды. Бельгия премьер-министрі Шарль Мишель шекарадағы бақылаудың да арттырылғанын жариялады.

Брюссельдегі жарылыстардың артынан бүкіл Еуропада террор сигналы берілді.

Ұлыбритания-Франция арасында қатынаған «Eurostar» пойызының сапарлары кейінге қалдырылды.

Франция, Германия, Ұлыбритания және Голландия сияқты көптеген ел әсіресе әуежайлардан бастап, шекараларындағы қауіпсіздік шараларын ең жоғарғы деңгейге көтерді.

Голландияның бас қаласы Амстердамдағы Шипол әуежайында әсіресе шетел азаматтарының құжаттары мен заттары қатты тексерілуде.

Италияның астанасы Римдегі әуежайларда полиция иттері қауіпсіздік шаралары аясында қызмет ете бастады.

Германияның бас қаласы Берлин әуежайындағы полиция санының да арттырылғаны білдірілді.

Америка Құрама Штаттары болса әуежайлар мен пойыз станцияларындағы қауіпсіздік шараларын арттырғанын жариялады.

АҚШ Сыртқы істер министрлігі болса, Еуропаға баратын азаматтарына қауіпсіздік ескерту жасады.

Мәлімдемеде ескертудің 20 маусымға дейін күшінде қалатыны атап көрсетілді.



Ұқсас жаңалықтар