"Түркия - сенімді ел"

Дэвид Кэмерон Қауымдар палатасында депутаттардың сұрақтарына жауап берді.

455993
"Түркия - сенімді ел"

Ұлыбритания премьер-министрі Дэвид Кэмерон Сириядан қашқан 2,6 миллион адамды қонақ қылған Түркияның сенімді ел еместігін айтудың түріктерге ұят екенін атап көрсетті.

Дэвид Кэмерон Түркия мен Еуропа Одағы арасында ынтымақтастықтың нығайтылуы мен босқын дағдарысының шешімі үшін жүргізілген келіссөзде келінген келісімге байланысты ағылшын парламентінің Қауымдар палатасында депутаттардың сұрақтарына жауап берді.

Халықаралық Амнистия ұйымының «Түркияның босқындар үшін сенімді ел еместігі» жөніндегі сөзіне орай Кэмерон мұның дұрыс еместігін білдірді. Кэмерон: «Сириядан қашқан 2,6 миллион адамды қонақ қылып отырған Түркияның сенімді ел еместігін айту түріктерге балағат болады» деді.

«Келісім аясында Түркияға берілетін 3 миллиард евро»ға байланысты бір сұраққа орай Дэвид Кэмерон: «Бұл ақша Түркиядағы сириялық босқындарға жұмсалу үшін беріледі» деді.



Ұқсас жаңалықтар