Керби Түркия жөнінде мәлімдеме жасады

Түркияның өз отанын қорғау жауапкершілігі бар

455514
Керби Түркия жөнінде мәлімдеме жасады

Америка Құрама Штаттары Сыртқы істер министрлігі мәлімдемешісі Джон Керби шекара ішінде бір террор қаупіне душар болған Түркияның өз отанын қорғау жауапкершілігі бар екенін білдірді.

Джон Керби күрделікті баспасөз брифингінде Түркияның террорға қарсы күресуімен байланысты сұрақтарға жауап берді.

Түркияда соңғы күндерде болған бомба шабуылдарымен байланысты бір сұраққа орай Керби «Шекаралары ішінде бір террор қаупіне душар болған Түркияның өз отанын қарғау жауапкершілігі бар» деген сөздер қолданды.

Керби ДАИШ-пен күресу және Сириядағы оқиғалар тұрғысында болғандардың Түркия үшін маңызды екенін, сондай-ақ Түркияның 2 миллион 700 мың Сириялыққа үй иелігін жасағанына назар аударды.



Ұқсас жаңалықтар