Францияда террор ұйымына операция

Парижде шабуыл дайындығы жасағаны алға тартылған 4 адам тергеуге алды.

452458
Францияда террор ұйымына операция

Франция Ішкі істер министрі Бернард Джазенеуве Парижде шабуыл жоспарлаған шағын бір топқа қарсы операция жасалғанын жариялады.

Джазенеуве операцияда ДАИШ террор ұйымымен байланысы бар бір адамның ұсталуының артынан бұл кісімен байланысты тағы 3 адамның да тергеуге алынғанын атап көрсетті.

Француз медиасы тергеуге алынғандар арасында бір әйелдің де бар екенін білдірді.

Францияда қаңтар айынан бері террор шабуылы дайындығы жасағаны алға тартылған 74 адам тұтқындалды.

2015 жылы 13 қараша күні Парижде жасалған шабуылдарда 130 адам қаза тауып, 350 адам жарақат алған болатын.

Бұл шабуылдардың артынан үкімет төтенше жағдай жариялаған еді.



Ұқсас жаңалықтар