БҰҰ Женевада Сирия келіссөздерінде режим делегациясымен бас қосты

Режим делегациясы төрағасы Башар Джафери Сирияның шекара тұтастығын бөлшектетпейтіндерін атап көрсетті.

452069
БҰҰ Женевада Сирия келіссөздерінде режим делегациясымен бас қосты

Женевадағы Сирия келіссөздері жалғасуда.

Келіссөздердің 3-ші күнінде осы жолы келіссөз отырысында режим делегациясы бар болатын.

Жиналыстың артынан мәлімдеме жасаған режим делегациясы төрағасы Башар Джафери Сирияның шекара тұтастығын бөлшектетпейтіндерін атап көрсетті.

Джафери тікелей келіссөздерге өткен жағдайда, Джей-шүл Ислам басшысы Мұхаммед Аллушпен ешқашан келіссөзге отырмайтындарын білдірді.

Джафери Ресейдің Сириядан шегіну шешімінің өздері үшін таң қаларлық жағдай еместігін, толығымен шегінудің тек қана Мәскеу мен Дамасктың ортақ шешімімен болатынын атап көрсетті.

Біріккен Ұлттар Ұйымы арнайы өкілінің орынбасары Ремзи Эззелдин болса кезеңде жаңалық бар екенін атап, Сирияның шекара тұтастығы тақырыбындағы көзқарастарды бөлісті.

Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров пен АҚШ Мемлекеттік хатшысы Керридің кездесуіне де тоқталған Эзелдин бұл кездесудің Сириядағы трагедияны жоятын маңызды бір қадам екенін айтты.


Ұқсас жаңалықтар