Кавказда 2 шетелдік барлығы 5 журналист шабуылға ұшырады

Шабуылда журналист және адам құқықтары активисті көптеген адам жарақат алды.

448718
Кавказда 2 шетелдік барлығы 5 журналист шабуылға ұшырады

Ресейдің Кавказ аймағында журналисттерге және адам құқықтары активисттеріне бағытталған шабуылда көптеген адам жарақат алды.

Беті маскамен жамылған адамдар Ингушетия Автономиялық Республикасының Шешенстан шекарасы маңында Грозныйға бара жатқан 5 журналист барлығы 9 адам бар автобусты нысанаға алды.

Шабуылдаушылар журналисттер мен көлік жүргізушісін соққыға жықты және автобусты жолаушыларымен бірге өртеуге тырысты.

Шабуыл кезінде араларында біреуі норвегиялық, екіншісі швециялық журналисттер де бар 6 адам жарақат алды.

Журналисттердің ақшалары, ұялы телефондары және паспорттары ұрланды.

Оқиғадан бірнеше сағат өткен соң осы жолы Ингушетия Автономиялық Республикасының Қарабұлақ қаласында 5 автокөлікпен оқиға орнына келген қарулы топ адам құқықтары ұйымының кеңсесіне басқын жасады.

Шабуылдаушылар қауіпсіздік камералары мен есікті сындырып, заттарға зиян берді.

Оқиға кезінде кеңседе ешкімнің болмауы адам шығынын алдын алды.

Шабуылдың кімдер тарапынан жасалғаны белгісіз.

Мәскеу әкімшілігі шабуылды айыптап, ауқымды бір тергеу бастағандарын жариялады.



Ұқсас жаңалықтар