Әдепсіз грек депутаты Еуропа парламенті Жалпы кеңесінен қуылды

Түркия және түріктер жайлы нәсілшіл сөздер айтқан грек депутат айыпталды.

448139
Әдепсіз грек депутаты Еуропа парламенті Жалпы кеңесінен қуылды

Еуропа парламентінің әдепсіз грек депутаты Жалпы Кеңес залынан қуылды.

Түркия мен Еуроодақ арасында босқын дағдарысы тақырыбында ұйымдастырылған саммит талқыланған отырыста сөз алған радикал оңшыл депутат Элефериос Синанидос Түркия мен түріктерге бағытталған қорлаушы сөздерінің артынан Еуроодақ парламенті төрағасы Мартин Шульц тарапынан қуылды.

Түріктерді сөздерімен қорлаған Синанидос Шульцтың тапсырмасымен Жалпы кеңес жиналысы өткен залдан қызметкерлер жетекшілігінде шығарылды.

Шультц грек депутаттың «шектен шыққанын және нәсілшіл ұстанымын ортаға қойғаны» себепті залдан қуылғанын атап айтты.

Еуропа парламенті төрағасы «Мен осында принцип шешімі қабылдаймын. Бұл парламентте нәсілшіл сөздермен шектен шыққандар саны артуда» деді.

Еуроодақ кезекті төрағасы Голландияның министрі Jeanine Hennis-Plasschaert болса Түркия мен Еуроодақ арасында ұйымдастырылған саммит және Түркияның ұсыныстары тақырыбында ақпарат бөлісті.

Голландиялық министр келесі Еуроодақ саммитінде келісім жасалған жағдайда босқын дағдарысының шешімі тақырыбында маңызды бір қадам басылатынын атап көрсетті.


Ұқсас жаңалықтар