Соғыс ұшақтары Сирияның солтүстік батысындағы бір базарды бомбалады

Сирияда атысты тоқтатуға қарамастан жазықсыз өлімдер жалғасуда

447236
Соғыс ұшақтары Сирияның солтүстік батысындағы бір базарды бомбалады

Елдің солтүстік батысындағы бір базарды нысанаға алған шабуылда араларында балалар да бар 19 адам қаза тапты.

Шабуылды жасаған соғыс ұшақтарының режим күштері ме, әлде Ресейге ме тиесілі екені белгісіз.

Базарға тасталған бомбалар себепті көптеген адамның жарақат алғаны білдірілді.

Аптаның басында да армияға тиесілі соғыс ұшақтарының Идлиб қаласына қарасты Әбу-Зухур ауданында жанармай базарына жасаған әуе шабуылы нәтижесінде 15 адам қаза тауып, 40 адам жарақат алған болатын.

Сирияда 27 ақпан күні іске қосылған жартылай және нақты атысты тоқтатуға қарамастан Асад күштері Идлиб, Халеб, Дера, Лазкийенің Байырбуджак аймақтары мен Дамасктың оппозиционерлердің бақылауындағы кейбір аймақтарды бомбалап, атысты тоқтатуды бұзуда.



Ұқсас жаңалықтар