Нэнси Рейган дүниеден озды

АҚШ-тың бұрынғы президенттерінің бірі Рональд Рейганның жұбайы Нэнси Рейган дүниеден озды.

445788
Нэнси Рейган дүниеден озды

АҚШ-тың бұрынғы президенттерінің бірі Рональд Рейганның жұбайы Нэнси Рейган дүниеден озды.

94 жасында қайтыс болған Нэнси Рейган 1940 және 1950 жылдары актриса болды. 1952 жылы Рональд Рейганға тұрмысқа шықты.

1981 жылдан 1989 жылға дейін Америка Құрама Штаттарының бірінші ледиі болды.

Ақ Үйді қайтадан жөндетіп, дизайнерлерге бір миллион долларлық киімдер тіккізген Нэнси Рейганның ақша жұмсағаны халықтың наразылығын туғызды. Миллиондаған азамат жұмыстан шығып жатқан кезде, халықтың ақшасын жұмсады деп айыпталса да, көбі оны жақсы көретін.

Рональд Рейганмен жарты ғасырдан астам жалғасқан некелері Америка президенттік тарихындағы ең үлкен махаббат хикаясы деп аталды.

Лос-Анджелестегі үйінде көз жұмған Нэнси Рейган 2004 жылы қайтыс болған жұбайының қасына жерленеді.



Ұқсас жаңалықтар