Атысты тоқтату келісімінен кейінгі жағдай

Бүгін атысты тоқтату келісімінің 4-ші күні

441860
Атысты тоқтату келісімінен кейінгі жағдай

Бүгін Сирияда 5 жылдан кейін жасалған атысты тоқтату келісімінің 4-ші күні. Алайда келісімді бұзу жағдайы да жалғасуда.

Батыс Африка елдеріне сапарлай барған Президент Режеп Тайып Ердоған «Сирияның барлығында бір атысты тоқтатудың тілге тиек емес екенін айта аламын» деді.

Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысы Пан Ги Мун болса атысты тоқтату келісімінің кейбір оқиғалар тысында үлкен деңгейде атқарылғанын білдірді.

Бас хатшы Халықаралық Сирия қолдау тобының келісімнің жалғасы және атысты тоқтату келісіміне тосқауыл жасау үшін жұмыс істегенін түсіндірді.

Женевадағы Сирия кездесулерінің 7 наурыз күнінде басталатынын еске салған Пан Сирияда атысқан тараптарға уәделерін орындауы жөнінде үндеу тастады.

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Джон Керри де Асад режимінің келісімге қарамастан қоршау астындағы аймақтарға барған кейбір гуманитарлық жәрдемдерге кедергі жасағанына наразылық көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар