Керри мен Лавров телефонмен әңгімелесті

АҚШ Мемлекеттік хатшысы орыс әріптесімен Сириядағы атысты тоқтатудың алғашқы күні телефонмен әңгімелесті.

440860
Керри мен Лавров телефонмен әңгімелесті

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Джон Керри мен орыс әріптесі Сергей Лавров Сириядағы атысты тоқтатудың алғашқы күні телефонмен әңгімелесті.

Екі тарап атысты тоқтатуға қазірше риза екенін білдірді.

Ресей Сыртқы істер министрлігінен жасалған мәлімдемеде әңгіменің АҚШ-тың талабымен жүзеге асқаны атап көрсетілді.

Мәлімдемеде Ресей мен АҚШ әкімшілігі арасында әскери тақырыптардағы координацияны күшейтудің жолдарының қарастырылғаны білдірілді.

Атысты тоқтатудың толығымен іске қосылуы үшін қажетті тақырыптар да қолға алынды.

Министрлер Халықаралық Сирияға қолдау тобының қатысуымен бейбітшілік кезеңін жалғастыру жөніндегі нысананы да бағалады.

Тақырыппен байланысты Ресей мен АҚШ арасындағы тығыз ынтымақтастықтың маңызына назар аударылды.

Әңгіме барысында сондай-ақ БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің Солтүстік Кореяның зымыран және ядролық жұмыстарына қарсы қабылданатын жаңа шешім де қолға алынды.



Ұқсас жаңалықтар