Марокко ЕО-мен қатынастарын тоқтатты
Марокко премьер-министрі Абделилах Бенкиран Еуропа Одағымен қатынастарын тоқтату шешімін қабылдағандарын білдірді.
Марокко премьер-министрі Абделилах Бенкиран Еуропа Одағымен қатынастарын тоқтату шешімін қабылдағандарын білдірді.
Бұл шешімге Еуропа Әділет алқасының Мароккодан егіншілік және теңіз өнімдерінің ЕО елдерінде сатылуын көздеген келісімнің күшін жоюы жол ашты.
Премьер-министр Бенкиран Министрлер кабинеті жиналысында сөйлеген сөзінде елінің ЕО-мен қатынастарын тоқтатуға байланысты: «ЕО Мароккоға деген ұстаным өзгерісінің себебін ашып айтқанға дейін қатынастарды тоқтатамыз. Одақ айырықша Мароккоға «негізгі серіктерінің» бірі екенін және болашақта да негізгі серік ретінде көруін жалғастыратыны жөнінде кепілдік беруі керек» деді.
Марокко 2008 жылдың қазан айынан бері Еуропа Одағының «алғы мәртебе» берген елдері қатарында.
Ұқсас жаңалықтар
Лондон-Сингапур рейсі турбуленттілікке кіріп, 1 адам қаза тапты
Сингапур әуе жолдары ұшағының Суварнабхуми халықаралық әуежайына шұғыл қонғаны хабарланды.
Лавров Палестина мемлекетін құрудың маңызына тоқталды
Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Қазақстанда баспасөз мәслихатын өткізді.