Обама Сирия жөнінде мәлімдеме жасады

АҚШ атысты тоқтату келісімі жөніндегі алаңын қолға алды

439649
Обама Сирия жөнінде мәлімдеме жасады

Америка Құрама Штаттары Сирияда атысты тоқтату келісіміне байланысты алаңдарын енді жоғарғы деңгейде қолға алды.

Президент Барак Обама келісімнің алдымен Сирия режимі мен Ресейдің тұғырына байланысты екенін түсіндіріп, Асадтың болашағы жөніндегі келіспеушіліктің жалғасқанын баяндады.

Обама Сыртқы істер министрлігінде Ұлттық қауіпсіздік кеңесі жиналысына қатысты.

Жиналысқа Мемлекеттік хатшы Джон Керри, Қорғаныс министрі Эштон Картер, Бас штаб төрағасы Джозеф Данфорд, Обаманың ДАИШ арнайы өкілі Brett McGurk қатысты.

Жиналыстан кейін мәлімдеме жасаған Обама Асадтың Сирияның болашағында орнының болмайтынын қайталап, Ресей және Иранмен келіспеушіліктің әлі да жалғасқанын айтты.

Барак Обама Ресейдің әскери килігуінің Асад режимін күшейткенін және Сириядағы адамдық трагедияның аянышты жағдайға келгенін білдірді.

Обама «Егер дипломатиялық арқылы атысты тоқтату үшін атсалыспасақ онда тарих бізді кешірмейді» деді.

Барак Обама «ДАИШ-пен күрестің оңай болмайтынын, алайда ұлттық күшімізді қолданамыз» деген сөздер қолданды.



Ұқсас жаңалықтар