АҚШ Түркияның сезгір екенін аңғарды

Керри «Түркияның алаңдауларына құрмет көрсетуіміз керек» деді.

439865
АҚШ Түркияның сезгір екенін аңғарды

Америка Құрама Штаттары Түркияның YPG жөніндегі алаңын «түсінеміз және құрмет көрсетеміз» деген мәлімдеме жасады.

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Джон Керри Анкара-Вашингтон желісінде кірбеңдікке себеп болған тақырыппен байланысты көзқарастарын айтты.

Түркияның террор ұйымының Сириядағы жалғасы YPG-ге қолдау көрсетуіне наразылықтарына байланысты Мәжіліс сыртқы қарым-қатынастар комитетінде сөз сөйлеген Керри «ПКК-ға, ПКК-ның YPG-мен байланысына қатысты Түркияның алаңдауына сезгір боламыз. Осы тақырыпта олармен кездесудеміз. Түркияның алаңдауларына құрмет көрсетуіміз керек» деді.

Керри НАТО одақтасы болған Түркиямен жұмыс істегендерін баяндады. Мысал ретінде Кобаниді көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар