Обама заңды мақұлдады

Барак Обама ядролық қаруға байланысты жұмыстарын жалғастырған Солтүстік Кореяға жаңа санкцияларды қамтитын заңды мақұлдады.

435548
Обама заңды мақұлдады

Америка Құрама Штаттары президенті Барак Обама ядролық қаруға байланысты жұмыстарын жалғастырған Солтүстік Кореяға жаңа санкцияларды қамтитын заңды мақұлдады.

АҚШ Конгресінде өткен жұма күні бекітілген жаңа заң Обаманың қол қоюымен күшіне енді.

Заң арқылы Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламасына адам құқықтарын бұзушылық және кибер қылмыстармен күрес аясында шаралар қолданылуы көзделуде.

Солтүстік Кореяға жаңа санкциялардың ел экономикасына үлкен зиян келтіретінін алға тартқан Қытай болса бұдан бұрын осындай санкцияларға қарсы екенін жариялаған болатын.

Солтүстік Кореяның соңғы кездегі сутегі бомбасы сынақтары мен ғарышқа зымыран ұшыруы Вашингтон мен Сеул үкіметтерінің ортақ шара қолдану жөніндегі кездесулерін арттырды.



Ұқсас жаңалықтар